Қажылық парызын өтемек болып, қасиетті мекенге аяқ басқандардың саны қазіргі таңда 2 миллионға жуықтады. Умра қажылығын орындап, қажылық маусымының ашылуын күтіп жүргендердің арасында ыңғайсыз оқиғалар да орын алып жатыр деп жазады Muslim.kz.
Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода тамыздың 10-нан 11-іне қараған түні қажылардың бірі қасиетті Қағба қабырғасына шығып алып, есігін ашуға әрекеттенгені көрсетіледі.
Қанша жұлқылағанымен, түк өндіре алмаған оны тәртіп сақшылары сабасына түсірді.
comments powered by HyperComments