Домой Новости Жолаушыдан 91 мың теңге талап еткен алматылық такcист жаға ұстатты

Жолаушыдан 91 мың теңге талап еткен алматылық такcист жаға ұстатты

Алматыдағы такси қызметі ең ұзақ жолды тіркеді. Жолаушы қыз Алматыдан Астанаға қарай сапар шеккен деп хабарлайды inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Операторлардың айтуынша, келіншек елордаға көшкендей болған. Ол Алматыдағы жатақханадан төрт үлкен сөмкесімен шығыпты.

Сапар 16 сағатқа созылып, жолаушыға 91 мың 340 теңге төлеуге тура келген.

«Тапсырысты LADA Largus көлігіндегі такси жүргізушісі орындады. Ол біздің мекемемен екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қалааралық тапсырыстарды жиі орындап тұрады. Ал, жолаушы болса қызмет түрімен бірінші рет қолданған. Бір бағыттағы маршруттың ұзындығы 1214 километр болды. Кейін жүргізуші сонша километрді қайтып жүріп келген», — деді компания өкілдері.

Операторлардың айтуынша, қалааралық сапарға шығатын, бірақ ұшақ не поездан қорқатын жолаушылар такси қызметіне жүгінетін көрінеді.

comments powered by HyperComments