Домой Новости Тауда жоғалып кеткен жеті жасар Ернұр Сәдуақастың денесі табылды

Тауда жоғалып кеткен жеті жасар Ернұр Сәдуақастың денесі табылды

Алматы облысында полицейлер жеті жасар Ернұр Сәдуақастың денесін тапты, ол екі апта бұрын жоғалып кеткен, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 27 шілде сағат 17.40-та Жамбыл аудандық ІІБ полицейлері Ынтымақ ауылынан сегіз шақырым жердегі таудан баланың денесін тапты. Ернұр Сәдуақас 14 шілдеде жоғалып кетті — ол Алматы облысы Жамбыл ауданында балалармен бірге тауға шыққан. Іздеу жұмыстарына полицейлер, ТЖД қызметкерлері, әскери қызметшілер мен жергілікті тұрғындар қатысты.  Баланың жоғалуына қатысты түрлі нұсқалар айтылды. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, оның нәтижесіне сәйкес, баланың неден қайтыс болғаны анықталады.  Еске сала кетейік, бұған дейін Ернұр Сәдуақастың жоғалып кеткені хабарланған болатын. Баланың анасының айтуынша, ол ауылдағы туыстарының үйіне қонаққа барған. Бірнеше бала тауға шығып, Ернұр ғана үйге оралмаған. Кейін сол балалар тауда мал бағушылардың бірінің оларға пышақпен шабуыл жасамақ болғанын айтты. Сөйтіп, әбден қорқып қалған олар жан-жаққа жапа-тармағай қаша жөнеліпті. Ернұр болса, жалғыз өзі сайға қарай түсіп кеткен. Содан бері оны тірі жан көрмеген. Кейін ол мал бағушы да тергелген болатын.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/events/tauda-jogalyip-ketken-jet-jasar-ernur-saduakastyin-denes-290792/

comments powered by HyperComments