Домой Новости Танымал журналист Сапарбаевтың жаңа көмекшісін сынап тастады

Танымал журналист Сапарбаевтың жаңа көмекшісін сынап тастады

Танымал журналист Асқар Ақтілеу елді қалай ақша табуға үйреткен Сапарбаевтың жаңа көмекшісін сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Олжас Смағұлов. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

Олжас Смағұлов. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

Журналист Сапарбаеватың орынбасары Олжас Смағұловтың жастарға айтқан кеңесі Қазақстанда оңайлықпен жүзеге аспайтынын мәлімдеді.

«Ақтөбеде басқа мәселе құрып, кофехана санын көбейту өзекті болып тұр екен. Облыс әкімінің су жаңа орынбасары Олжас Смағұлов қалада небары бес-ақ кофейня бар екен деп өкінішпен айтып берді. (Costa секілді бренд-франшизаларды меңзеп). 29 жастағы төрт жоғары білімі бар Олжас кофе бизнесін дамыту жолдарын айтып берді.

Өзіндік құны 150 теңге, сатсаңыз 600 теңге (шайнегі емес, бір кесесін айтады). Пайдасы шаш — етектен екен. Бірақ, Америка көрген, кәрі құрлық көрген Олжекеңнің қаймана қазақтың бәрі кесесі 600 теңгеден кофе алып ішпейтінін қайдан білсін?

Одан да қазақтар осы ақшаға бір қорап «Аламан» шай мен 6% пайыздық «Айналайын» сүтін алмай ма? Америка ашып, жақсы қызметке тағайындаған ағаларыңды жерге қаратпасаңшы, бауырым», — деді Асқар Ақтілеу Instagramпарақшасында.

comments powered by HyperComments