Домой Новости Тәуекел Мүсілім желіде тарап кеткен шулы суреттеріне қатысты жауап берді (видео)

Тәуекел Мүсілім желіде тарап кеткен шулы суреттеріне қатысты жауап берді (видео)

Отандық актер Тәуекел Мүсілімнің шаңырақ көтеруін көрермендер бірнеше жыл бойы асыға күтті. Жұртшылықтың көптен күткен арманы орындалып, жуырда Тәуекел елге өзінің үйленетінін мәлімдеді. NUR.KZ порталының Oybay Life порталына берген сұхбатында актер жеке өміріне қатысты бірқатар жайттың бетін ашты.

Тәуекел Мүсілім желіде тарап кеткен шулы суреттеріне қатысты жауап берді (видео)

Коллаж: NUR.KZ

Тәуекелдің айтуынша, ол болашақ жарының ата-анасымен танысып, өзі де анасының батасын алыпты. Ол қалыңдығы анасының көңілінен шыққанын және қарапайым отбасынан шыққанын жеткізді.

Актерді аса сабырлылығымен баурап алған бойжеткеннің кім екенін айтуға Тәуекел әлі де дайын емес сияқты. Алайда ол желіде елді шулатқан суреттердің қалыңдығына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

«Оның шоу бизнеске ешқандай қатысы жоқ. Желіде тарап кеткен суреттердегі қыз ол емес. Біздің бірге түскен суреттеріміз желіде жоқ», — деді ол.

Oybay Life бағдарламасының толық нұсқасын YouTube желісіндегі каналымыздан көре аласыздар.

comments powered by HyperComments