Домой Новости Тәңір берген тағдыр: Сәкен Майғазиев досы Абай Бегей туралы ағынан жарылды

Тәңір берген тағдыр: Сәкен Майғазиев досы Абай Бегей туралы ағынан жарылды

Абай Бегейдің бірінші жары Жанат осыдан үш жыл бұрын көз жұмған еді. Араға уақыт салып өзіне адал жар, балаларына ана болатын аруды жолықтырған әнші екінші рет шаңырақ көтерді. Абай Бегейдің бұл қуанышына өнер әлемінің майталмандары атсалысып, ақ тілектерін арнады деп хабарлайды NUR.KZ.

Дүбірлеп өткен тойдың қадірлі қонақтары қатарында танымал әнші Сәкен Майғазиев те бар. Ол өзінің әріптесіне жүрекжарды лебізін арнады.

«Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Абекем мейірімді, алтын адам. Фариза иманды, инабатты қыз. Бәріңіз білесіздер, Әбекем адал жарынан үш жыл бұрын айырылды. Қиналды. Қайғырды. Қажыды. Әбекемнің балапандарына Фаризаның аналық махаббатын сыйлай алғандығын, балапандарының оған бауыр басып, жақсы көріп қалғанын айтқанда көзіме жас келіп, қуандым.

Қатты сынап, сөкпеңіздер. Той дейсіз бе? Абай досым да отыз ойланып, қырық толғанды. Фаризаның да ата-анасы, туған-туыстары бар. Ол да ақ койлек киіп, ақ бата алуды армандайды. Бақытты болғысы, бақытқа бөлегісі келеді. Баянды болғай», — деген Майғазиев өзінің ақ ниетін білдірді.

comments powered by HyperComments