Домой Новости Сот Жамалиевті не мақсатпен босатқанын түсіндіріп берді

Сот Жамалиевті не мақсатпен босатқанын түсіндіріп берді

Танымал кәсіпкер Қайрат Жамалиев ауыр жазадан тек айыппұл төлеп, қалай бостандыққа шыққандығын соттың баспасөз қызметінде түсіндіріп берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанагенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайрат Жамалиев. Сурет: Today.kz

Қайрат Жамалиев. Сурет: Today.kz

Осыған дейін Жамалиевтің 800 мың теңге көлемінде айыппұл төлеп, бостандыққа шыққаны белгілі болды.

«Әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарында Көкшетау қалалық сотының Жамалиевке бас бостандығынан шектеу жазасының орнына айыппұл төлету туралы шығарған шешімі үлкен дау тудырған еді. Арада түсініспеушілік болмас үшін осы жайлы кеңірек жазайын деп едім», — делінген облыстық сот баспасөз қызметінің өкілі Күләш Домалақованың Facebook-тағы жазбасында.

Ол 2017 жылдың мамыр айында кассациялық соттың Жамалиевке қатысты қылмыстық істі қарастырып, бас бостандығынан 13 жылдан жеті жылға дейін шектеу жазасын жұмсартқаны жайлы айтты.

Домалақова Көкшетау қалалық сотының істі қайта қарастырып, айыппұл төлетуге шешім қабылдағаны жайлы да айтты. Белгілі болғандай, сотталған кәсіпкер ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап ЕЦ-166/24 түзету мекемесінде болған.

Бұдан бөлек, Жамалиев келтірген залалын толықтай өтеп, абақтыда ешқандай тәртіпсіздікке бой бермей, жазасының үштен бір бөлігін өтеген.

«Түзету мекемесінде ол жақсы қырынан танылған, төрт рет көтермелеу марапатын алған, екінші деңгейлі мінез-құлқы болыпты, мекеменің шараларына белсенді түрде қатысты, өзін-өзі тәрбиелеу ұйымында да болды», — деп жалғастырды өз сөзін Домалақова.

Сот Жамалиевтің бес кәмелеттік жасқа толмаған баласының барын ескеріп, жапа шеккен тарап оның жазасын жеңілдетуін сұраған.

Еске салайық, бизнесмен Қайрат Жамалиев 2015 жылы Әліби Жұмағұловты ұрып-соққаны үшін 13 жылға бас бостандығынан айырып еді.

comments powered by HyperComments