Домой Новости Өскеменде 350 млн долларға салынған зауыт әлі күнге іске қосылмаған

Өскеменде 350 млн долларға салынған зауыт әлі күнге іске қосылмаған

Өскемендегі 350 миллион долларға ашылған зауыт бір күн де жұмыс істемеген деп хабарлайды kaz.altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Аймақ басшысы бұл істі тексеруді қолға алмақ.

«Осы өндіріс орнын да жан-жақты тексеру қажет. Зауыт бір күн де жұмыс істемеген. Сондай-ақ, онда моральдық тұрғыда ескірген құрал-жабдықтардың орнатылғаны белгілі болып отыр. Яғни, мемлекет қаржысы желге ұшты деген сөз», – деп сөзін түйіндеді аймақ басшысы.

Айта кетейік, Өскемендегі күн батареяларын шығаратын зауытты салуға қазынадан 350 миллион АҚШ доллары жұмсалған болатын. Дей тұрғанмен, аталған кәсіпорын әлі күнге дейін бірде-бір өнім шығармаған.

comments powered by HyperComments