Домой Новости Шымкентте бала көтере алмай жүрген келіншектер емшіге алданып қалды

Шымкентте бала көтере алмай жүрген келіншектер емшіге алданып қалды

Шымкентте бала көтере алмай жүрген бір топ келіншек «алаяқ-емшіге алдандық» деп шу шығарды. Сайрам ауылында тұратын емшіге әйелдер 250 мыңнан бастап миллион теңгенің арасында ақша берген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: КТК

Ал, тәуіп өз кезегінде оларға бала көтересің деп кепілдік беріпті.

Емделушілер Ұнсынай Маскееваның алдына қана Шымкенттен емес, Ақтау мен Атыраудан, Семей өңірінен де келген. «Бала көтерсем» деп келген келіншектердің барлығына емші бір ғана диагноз қойып, бір ғана емдік шара жүргізіпті.

«Мен 35 күнге 700 мың теңге төледім. 700 мыңға кіретіні тампон мен уқалайтын бір май». Бірақ менің жатырым кішірейіп қалды. Осыны айтып барғанымда мені қорқытты кәдімгідей», — дейді алдандым дегендердің бірі.

Алдандық дегендердің арызын тыңдаған құқыққорғаушы Айгүл Орынбектің айтуынша, қазірдің өзінде опық жегендер саны 40-тан асқан.

«Қазақстанның әр түкпірінен адамдар өте көп. Атырау жақтан өзінің маткасынан айрылып жатқан қыздар бар. Алматы жақтан 2 трубасынан айрылып жатқан қыздар бар. Яғни бұл кісі «УЗИ-ға түспейсің» деп қыздардың сеніміне кіріп, психологиялық тұрғыдан қысым көрсетіп денсаулығына зақым келтіріп отыр ғой. Яғни, қазір реанимацияда жатқан қыздар бар», — дейді Айгүл Орынбек.

Ал емшінің өзін айыптаушыларға айтары бар. Ол әр пациентінен күніне 4000 теңгеден артық ақы алмағанын мәлімдеді.

«Ақшамды қайтар деп күн сайын телефон арқылы қорқытып жатыр. 2 млн, 3 млн бергенбіз деп өтірік соғып жатыр. «Өлтіріп кетеміз» деп жатқандары да бар», — дейді Ұнсынай Маскеева.

comments powered by HyperComments