Домой Новости Шымкентте автоұры көлікті тонап жатқан жерінде ұсталды

Шымкентте автоұры көлікті тонап жатқан жерінде ұсталды

Шымкентте автоұры көлікті тонап жатқан жерінде ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Шымкенттің жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Шымкенттің орталығындағы Бейбітшілік көшесінде екі адам үй ауласында тұрған көлікті тонамақшы болған. Ұрылар Mercedes автокөлігінің артқы есігін ашып, көліктің ішінен құнды зат іздей бастапты. Осы кезде Шымкент жергілікті полиция қызметінің учаскелік испекторы келіп қалған. Ол тап сол сәтте өз учаскесін аралап жүріпті.  «Полицейді көрген ұрылар жан-жаққа қашты. Олардың бірін инспектор ұстап алды. Ұсталған ер адам Қырғызстан азаматы екен», — деді полициядағылар. Ұсталған жігіт 1993 жылы туған. Олар көліктің есігін ашып жатқанда бейне бақылау камерасына түсіп қалыпты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның басқа қылмыстарға қатысы тексерілетін болады. Ал екінші күдікті іздеуде.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/shyimkentte-avtouryi-kolkt-tonap-jatkan-jernde-ustaldyi-290806/

comments powered by HyperComments