Домой Новости Сарапшы Қазақстанда неге алкогольге тыйым салмау керек екенін айтты

Сарапшы Қазақстанда неге алкогольге тыйым салмау керек екенін айтты

«Амансаулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова қазақстандықтарды алкогольді аз ішуге шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Сараптамадан байқағанымыз, алкогольге толықтай тыйым салынған елдерде заңсыз өнім қаптап кетті. Алкогольді тұтыну бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген елдердің тәжірибесін алу керек. Бұл өте күрделі процесс, сондықтан кезең-кезеңмен жүргізілуі тиіс», — деді ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында Түменова. «Қазақстанда әлемнің ең дамыған 30 ел қатарына ену деген мақсат қойылған. Бұл жақсы, бірақ Қазақстан 15 жастан бастап ішетін адамдардың санынан Орталық Азияда бірінші орында. Яғни дамыған 30 елдің қатарына ену үшін алкогольді аз ішу керек. Жан басына шаққанда 15 жастан асқан бір адам елімізде жыл сайын 9 литрге жуық арақ ішеді. Көп пе, аз ба? Ал мен ішпесем, екінші адам 18 литр ішеді деген сөз. Осы 9 литрдің 65 пайызы — ауыр алкоголь сусыны», — деді Түменова.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/sarapshyi-kazakstanda-nege-alkogolge-tyiyyim-salmau-kerek-290484/

comments powered by HyperComments