Домой Новости Роза Рымбаева Лукашенконың арнайы марапатына ие болды (фото, видео)

Роза Рымбаева Лукашенконың арнайы марапатына ие болды (фото, видео)

Беларусь республикасының президенті Александр Лукашенко «Славян базары-2018» өнер фестивалінің ашылу салтанаты кезінде қазақ әншісі Роза Рымбаеваға арнайы марапатын табыстады деп хабарлайды NUR.KZ.

«Қайырлы кеш, достар! Президенттің қолынан мұндай құнды марапатты алу мен үшін үлкен құрмет. Бұл менің өнеріме ғана емес, сонымен бірге бүкіл қазақ халқының өнеріне деген көрсетілген құрмет деп есептеймін», — деп алғысын жаудырды Роза Рымбаева.

Лукашенко Роза Рымбаеваға марапат табыстады

Лукашенко мен Роза Рымбаева

«Қандай керемет жансыз! Өте шынайысыз! Құтты болсын!», «Сізді мақтан тұтамыз!», «Еліміздің мақтанышы, сұлу әншісі әрі әдемі дауыс иесі», «Роза, сіз біздің халықтың үлкен тұлғасысыз», — деп жарыса жазды әншінің оқырмандары.

Кеше ресми ашылу салтанаты болып өткен «Славян базарына» барған қазақстандықтардың да қарасы көп болды. Роза Қуанышқызы Instagram желісінде қазақстандықтармен түскен видеосын жүктеді.

comments powered by HyperComments