Домой Новости Ресейдің әйгілі әншісі ауыр халде ауруханаға түсіп қалды

Ресейдің әйгілі әншісі ауыр халде ауруханаға түсіп қалды

Ресейлік ақпарат құралдары әйгілі әнші әрі Мемлекеттік Думаның депутаты Иосиф Кобзонның ауыр халде ауруханаға түскені жайлы мәлімет таратып жатыр. Бұл туралы Ox.Azсайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Иосиф Кобзон. Сурет: gazeta.ru

Иосиф Кобзон. Сурет: gazeta.ru

«Кобзон Иосиф Давыдович мүлдем жатып қалды, оны бүгін арнайы қоларбамен әкелдік», — делінген хабарламада.

Әртістің жары осыған қатысты ешқандай ақпарат айтпады, ал баспасөз хатшысы Варвара Анатолийқызы әншінің жағдайы мәз еместігін жеткізді.

«Оның жағдайы мүшкіл, бірақ әзірге ешқандай сұмдық жағдай орын алмады», — деді ол.

80 жастағы Иосиф Кобзон соңғы жылдары онкологиялық сырқатпен күресіп келеді екен.

comments powered by HyperComments