Домой Новости Ресейде жүктілік мерзімін жеті айға дейін қысқарту ұсынылды

Ресейде жүктілік мерзімін жеті айға дейін қысқарту ұсынылды

Ресейде белсенділер президент Владимир Путинге арнайы петиция жолдап, әйелдердің жүктілік мерзімін жасанды жолмен қысқартуды ұсынды деп хабарлайды volgasib.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Путин

Фото: Журнал 9 месяцев

Петицияны жолдаған Мәскеу тұрғыны Анна Рыжкова осылайша елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік туады деген сенімде.

Оның айтуынша, жүкті әйелдер үшін 9 ай бойы бала көтеріп жүргеннен гөрі жеті айында босанып алған тиімдірек әрі бұл жүктілікті жеңілдетеді, дейді ол. Ол жеті айында жүкті әйелді босандырып алған абзал деген ойын жеткізді. Анна жүктіліктің тоғыз айға созылуы табиғат жіберген қателік деп есептейді.

Айтуынша, егер жас ананы жеті айлығында босандырып алса, онда балалы болғысы келетіндер саны да арта түседі.

Петицияға алты мыңға жуық адам қол қойған.

comments powered by HyperComments