Домой Новости Ресей Қазақстандағы сынақ полигонында жаңа зымыранды сынақтан сәтті өткізді

Ресей Қазақстандағы сынақ полигонында жаңа зымыранды сынақтан сәтті өткізді

Ресей Федерациясы Қазақстанның Сары-Шаған сынақ полигонында жаңа зымыранды сәтті ұшырды, — деп хабарлайды РИА Новости РФ Қарулы Күштерінің ресми «Красная Звезда»газетіне  сілтеме жасай отырып.  «Сары-Шаған сынақ полигонында (Қазақстан мемлектінде) кезекті зымыран қорғаныс күштерінің жауынгерлік есептеулері бойынша табысты сынақтан өтті», — делінген хабарламада. «Жаңа зымыран өзінің алдына қойылған мақсатты, уақыты орындап тапсырманы сәтті орындады», — деді әуе шабуылына қарсы және зымыран қорғаныс командирінің орынбасары генерал-майор Андрей Приходька.   Материалға сәйкес, жаңа зымыран бір секундта төрт шақырым қашықтықты бағындыра алатыны анықталды.  «Бұл зымыранды ұшыру кезіндегі ең қиын сәттердің бірі болды. Оның бірегейлігі — әзірлеушілер максималды режимде тексеруге мүмкіндік беретін ұшу параметрлер кешенін орнатқан. Қазіргі таңда әлемде, осы кластағы зымырандар және осындай бағдарламаны жүзеге асыра алатын зымырандар әлі жоқ. Нақты айтсақ, бұл жауды ең жоғары биіктіктен және қорғаныш объектісінен қашықта жойылуына кепілдік», — делінген мақалада.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/resey-kazakstandagyi-syinak-poligonyinda-jana-zyimyirandyi-290517/

comments powered by HyperComments