Домой Новости Назарбаев Астанада хан сарайындай балабақшаны ашты (фото)

Назарбаев Астанада хан сарайындай балабақшаны ашты (фото)

Бүгін Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердің елорданың 20 жылдығына орай тарту еткен бірқатар нысандарының тұсауын кесті. Солардың бірі — 240 орындық «Алматы» балабақшасы болды. Елбасы бүлдіршінденрдің ата-аналарымен кездесіп, кішкентай бөбектермен шүйіркелесе әңгімелесті деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанада хан сарайындай балабақша

Астанада хан сарайындай балабақша

Астананың 20 жылдығына орай аймақтардың тарту ретінде ұсынған айтулы нысандарынының тұсау кесу рәсімі толастар емес. Бүгін президент елордада «Алматы» балабақшасының тұсауын кесіп, бөбектер мен олардың ата-аналарына сәттілік тіледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ашылған балабақшада

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ашылған балабақшада

«Астана өздеріңіз куәсіздер, күннен күнге көркейіп келеді. Солардың ішінде мынадай әлеуметтік маңызы бар нысанның бой көтеруі — айтулы шара деп білемін. Мына кішкентай бүлдіршіндер біздің болашағымыз. Келешекте елдің тұтқасын ұстайтын азаматтар осылар болады. Сондықтан барлықтарыңызды құттықтаймын, еліміз дамып, көркейе берсін!», — деді Назарбаев.

Елбасы Астанада ашылған балабақшада

Елбасы Астанада ашылған балабақшада

Бір қуантарлығы хан сарайындай балабақшаның іші-сырты ұлттық нақышта безендірілген. Балабақша Алматы қаласының Астананың 20 жылдығына арналған тартуы болғандықтан, оның іші-сыртында әсем Алматының басты символдарының бейнесі көрініп тұрды.

Елбасы бүлдіршіндермен

Елбасы бүлдіршіндермен

Мәселен, балабақша сыртында алматылық алма ағашының мынадай әдемі суреті бой көрсетіпті.

Астанада ашылған балабақша

Астанада ашылған балабақша

Айта кетейік, балабақшадағы бөбектер тобының атаулары да Алматының басты «брэндтерінің» атымен аталмақ. Мәселен, оларға «Алатау», «Медеу», «Шымбұлақ», «Көктөбе» Үшқоңыр деген тағы басқа атаулар берілмек.

Үшқоңыр тобы

Үшқоңыр тобы

Тіпті, балабақша бөлмелеріндегі кілемдерге дейін оңтүстік астананың бас символдары бейнелеген. Онда «Қазақстан» қонақүйі, «Достық» даңғылы деген жазбаларды анық көруге болады.

Астанада ашылған балабақша

Астанада ашылған балабақша

comments powered by HyperComments