Домой Новости Ұмытып қалдым: Алматының экс-әкімінің орынбасары Храпунов ісі бойынша жауап берді

Ұмытып қалдым: Алматының экс-әкімінің орынбасары Храпунов ісі бойынша жауап берді

Алматыда Виктор мен Лейла Храпунованың ісі бойынша алдына ала тыңдалым өтуде. Айыпталушылар арасында Алматының экс-әкімінің орынбасары да бар. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Храпунов. Коллаж NUR.KZ (фото time.kz, newsukraine.net)

Алматының экс-әкімінің орынбасары не себепті Виктор Храпуновпен бірге сотта айыпталып жатқанын сұрағандарға «мен Храпуновпен бірге емеспін» деп жауап берді.

Ол сонымен қатар ішінара жадынан айырылғанын алға тартқан.

«Бұл 15-20 жыл бұрын болды. Содан кейін 2008 жылы мені автобус соғып, жадымнан айырылдым. Қоғамдық көлік астынан әзер шығып, мүгедектік алғанмын«, — дейді Яков Заяц.

Ол 307 баптың екінші бөлігі (Қылмыстық кодекстің ескі редакциясы) бойынша айыпталуда. Экс-шенеунік бұған дейін істі болып көрмеген.

Айта кетсек, айыпталушылар 250 млн доллар көлемінде шығын келтірді деп бағалануда. Істің басты фигуранттары — Виктор мен Лейла Храпунова. Олар қазақстандық соттан Швейцарияда жасырынуда.

comments powered by HyperComments