Домой Новости Матч кезінде алаңға шығып кеткен «полицейлер» әлем назарына ілікті (фото, видео)

Матч кезінде алаңға шығып кеткен «полицейлер» әлем назарына ілікті (фото, видео)

Полиция қызметкерлерінің киімін киіп алған Pussy Riot арт-тобының төрт мүшесі әлем чемпионатындағы финалдық ойын кезінде алаңға шығып кеткен. Топ өкілдерінің айтуынша, олар «Милиционер ойынға кіріседі» науқанын бастаған екен. Тәртіп сақшылары оларды ұстап әкетіп, алаңнан шығарған. Бұл туралы bbc.com-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Gettimages

Сурет: Gettimages

«Лужники» алаңының трибунасында сол сәтте бірнеше елдің президенттері қатысқан.

Pussy Riot мүшелері өздерінің Facebook-тағы парақшаларында бұл науқанды өткізудің мақсаттарын айтыпты. Олар саяси қамауға алынғандарды босату, әлеуметтік желедегі бөліскені үшін тағайындалатын қылмыстық жазаны тоқтату, ереуілдердегі ұстап алуларды тоқтату, саяси бәскелестікті жаңғыртуларды талап еткісі келген.

Сурет: Gettimages

Видеобақылау камераларында көірнгендей, стадиондағы стюард оларға есікті өзі ашып, алаңға шығарған.

Сурет: Gettimages

Сурет: Gettimages

Атышулы топтың мүшелерінің бірнеше бақылау жолағынан өтіп, алаңға қалай кіргендігі жайлы әлі күнге дейін белгісіз.

Сурет: Gettimages

Сурет: Gettimages

comments powered by HyperComments