Домой Новости Мұғалімдер оқушыларды аяусыз жертөлеге қамап, су-тамақсыз қалдырған

Мұғалімдер оқушыларды аяусыз жертөлеге қамап, су-тамақсыз қалдырған

Үндістанның Нью-Дели қаласындағы мектептердің бірінде мұғалімдер 50 шақты баланы жалғыз өздерін жертөлеге қамап, су-тамақсыз қалдырған. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сурет: РИА Новости

Сурет: РИА Новости

Мектепке балаларын алып кетуге келген ата-аналар оларды таппай дал болған. Олар мұғалімдерден балаларының қайда екенін сұрағанда ұстаздар жертөлені көрсетіпті.

Белгілі болғандай, балақайлар қараңғы жертөледе су-тамақсыз төрт сағаттай отырған. Сонымен қатар, іштегі ауа температурасы 40 градус шамасында болыпты. Кейбіреулері тіпті өздерін жайсыз сезінген.

Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, балалардың ата-аналары оқу ақысын уақытылы төлемегені үшін олар осындай қадамға барған. Мұғалімдер болса бұл сөздерді жоққа шығарды.

Полицейлер мектеп директорын кәмелет жасқа толмаған балаларды еркіндіктен айырғаны үшін қамауға алды.

comments powered by HyperComments