Домой Новости Хорваттарға жеңіс сыйлаған футболшы ресейлік дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болды

Хорваттарға жеңіс сыйлаған футболшы ресейлік дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болды

Аяғындағы ауырсынуды сезінген Хорватия құрамасының футболшысы Иван Перишич мәскеулік ауруханаға қаралауға мәжбүр болды деп хабарлайды Life.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: © РИА "Новости"/Антон Денисов

Фото: © РИА «Новости»/Антон Денисов

Басылымның мәліметінше, қазір дәрігерлер футболшыны қарап жатыр және қажетті тексерулердің барлығын жасауда екен.

Еске сала кетейік күн кеше Хорватия мен Англия арасындағы тартысты доп додасы аяқталып, жеңіс шақпақ жейделілердің пайдасына шешілген еді. Ал бұл ойындағы ең мықты ойыншы деген атақ Иван Перишичке бұйырды.

Айта кетейік, Перишич ұлттық құрамадан бөлек, Интернационал» клубында ойнайды.

comments powered by HyperComments