Домой Новости «Эмоционалды президенттер». Мемлекет басшылары финалдық кездесуді қалай тамашалады?

«Эмоционалды президенттер». Мемлекет басшылары финалдық кездесуді қалай тамашалады?

Франция құрамасы 2018 жылы Ресейде өткен әлем біріншілігін жеңіспен аяқтады. Олар финалда хорваттарды 4:2 есебімен жеңді. Ойын Мәскеудегі «Лужники» стадионында өтті. Осы ойынды финалға шыққан екі ел президенті мен басқа да әлемдік лидерлер болды.  Ойынның бірінші кезеңі аяқталғанда 2:1 есебімен француздар алда тұрды, екінші кезеңде ойыншылар тағы үш гол салды.  Ойынның 18 минутында Хорватия құрамасының шабуылшысы Марио Манджукич өз қақпасын автогол салды. Алайда оның әріптесі Иван Перишич 28-ші минутта есепті теңестірді. Француз сұрмергені Антуан Гризманн 38-ші минутта есепті еселеді. Поль Погба 59-шы минутта есепті 3:1-ге жеткізсе, алты минуттан соң Киллиан Мбаппе алыстан Хорваттар қақпасынан саңылау таба білді. Марио Манджукич ойынның 69-шы минутында есепті бір ұпайға қысқартты.

Владимир Путин ФИФА президенті Джанни Инфантиномен финалдық кездесуді тамашалады.

Француздар осымен екінші мәрте әлем чемпионы атанып отыр. Хорватия құрамасы тұңғыш рет финалға шығып отыр. Ойынды тамашалау үшін «Лужники» стадионына 72 мың адам жиналған.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/football/emotsionaldyi-prezidentter-memleket-basshyilaryi-finaldyik-290383/

comments powered by HyperComments