Домой Новости Елімізде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу жоспарлануда

Елімізде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу жоспарлануда

2020 жылдан бастап елімізде болашақ зейнетақы мөлшерін арттыру мақсатында «Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары» деп аталатын шартты-жинақтаушы құрамдауышты енгізу жоспарланып отыр. Бұл жарналарды енгізу Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген. Ал Тұжырымдама 2014 жылы Елбасы Жарлығымен бекітілген NUR.KZ.

2020 жылдан бастап елімізде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу жоспарлануда

Бұл жөнінде Алматыда қаржы журналистикасы бойынша өткен БЖЗҚ жазғы мектебі шарасы барысында Қордың Астана қаласындағы филиалының директоры – Басқарушы директор Мұрат Шәріпов мәлімдеді.

Оның айтуынша Тұжырымдамаға сәйкес Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 2018 жылы енгізілуі керек болатын. Бірақ, белгілі себептермен 2020 жылға дейін кейінге қалдырылды. Дегенмен, жарналардың шарты сақталады.

2020 жылдан бастап елімізде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу жоспарлануда

Соған сәйкес барлық отандық жұмыс берушілер еңбек жағдайларына қарамастан өз қаражаты есебінен жұмыскерлерінің пайдасына олардың айлық табысының 5 пайызын зейнетақы Қорына аударатын болады. Демек, бұл жарналар жұмыскердің табысына кері әсер етпейді.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жұмыс берушінің ұсынған тізімі бойынша әрбір жұмыскердің атына шартты зейнетақы шоты ашылады. Ондағы жинақтар жұмыскердің меншігі болып табылмайды және мұраға қалдырылмайды. Шартты зейнетақы шотындағы жинақтар оған өмір бойына ай сайын төленіп отырады. Шартты зейнетақы шоттарындағы жинақтар зейнеткерлікке шыққан жандарға, сондай-ақ, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтардағы адамдарға төленеді. Бірақ бұл үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары олардың шартты зейнетақы шотына кемінде 60 ай (5 жыл) тұрақты түрде аударылған болуы керек», — деді М. Шәріпов.

Жазғы мектепке тәжірибелі журналистер және блогерлермен қатар журналистика факультеттерінің биылғы түлектері – барлығы 19 адам қатысты. Шара барысында Қордың және Ұлттық Банктің мамандары Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы құқығын қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелері және халықаралық зейнетақы жүйелерінің модельдері туралы жақты мағлұмат берді.

2020 жылдан бастап елімізде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу жоспарлануда

Бұдан басқа, «Болашақ зейнетақыны қалай жоспарлауға болады?» деген тақырыпта шеберлік сыныбы өткізілді. Қатысушылар Қордың көрсететін қызметтері және өңірлік желісінің жұмыстарымен жете танысты. Сондай-ақ, сарапшылар тарапынан өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды.

Мектепке қатысушылар оқыту бағдарламасы аясында тәжірибелік сабақтарға қатысып, Қор филиалы бойынша экскурсия жасады және алған білімдерін пысықтау үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша Kahoot желілік ойынына қатысты. Курс соңында қатысушыларға қаржы журналистикасы бойынша оқыту бағдарламасынан өткендіктері туралы сертификаттар және жүлделер табыс етілді.

Айта кетелік, Қорда 2017 жылы бірқатар жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Енді азаматтар Қор кеңсесіне келмей-ақ, оның сайтындағы «Жеке кабинет» арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) немесе логин мен құпия сөздің көмегімен: жеке зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш бере алады. Сондай-ақ ЭЦҚ арқылы жеке деректемелерге түзетулер енгізуге және ақпарат алу тәсілін өзгертуге болады.

2020 жылдан бастап елімізде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу жоспарлануда

Қор қызметінің ашықтығы мен көрсететін қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында БЖЗҚ-да салымшылар мен алушыларға көшпелі қызмет көрсету бойынша «Мобильдік агент» жобасы іске қосылған.

Оны енгізудегі басты мақсат – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ, БЖЗҚ кеңселерінен тыс жерлерде салымшылар мен алушыларға тиімді сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

Яғни, егер салымшы (алушы) қандай да бір себеппен, мәселен денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлері оған өздері барады. Мысалы, Қордың Алматы қаласындағы филиалының қызметкерлері күн сайын 5-6 рет сапарға шығып, зйнеткерлерге үйіне барып қызмет көрсетеді.

Бұдан басқа, биыл сәуір айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жаңа «Мобильдік кеңсе» жобасы іске қосылған.

2020 жылдан бастап елімізде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу жоспарлануда

Ондағы мақсат – облыс, аудан орталықтарынан шалғай орналасқан елдімекендерде Қор қызметтерін тұрғындар арасында қолжетімді ету. Жоба аясында Қор филиалдарының қызметкерлері заманауи техникалармен және жер серігі байланысымен жабдықталған ГАЗельNEXT шағын автобусымен шалғай аудандарға барып, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Қазіргі уақытта «Мобильдік кеңсе» жобасы аясында Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетіліп жатыр. Алдағы уақытта басқа да облыстарды қамту көзделеді.

Биыл отандық зейнетақы жүйесіне 20 жыл толып отыр. Қазақстан бұл аралықта үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Алайда, зейнетақы жүйесінің толықтай орнығуына әлемдік тәжірибе бойынша 40 жылдай уақыт кетеді.

comments powered by HyperComments