Домой Новости Дәрігерлер 9 айлық сәбидің денесінен 10 ине тапқан

Дәрігерлер 9 айлық сәбидің денесінен 10 ине тапқан

Душанбедегі Ұлттық медицина орталығының (Караболо) дәрігерлері 9 айлық сәбидің денесінен 10 ине анықтаған. Медицина қызметкерлері бала өздігінен мұнша инені жұта алмайтындығын айтады, — деп хабарлайды ca-news.org. Рентген зерттеуі баланың басы мен мұрнында, аяғы, кеудесі мен басқа да дене мүшелерінде ине барын көрсеткен. Иненің кейбірі терінің астына терең кірген, сондықтан дәрігерлер тек 6 инені алып шыға алған. Ал 4 ине әлі де баланың денесінде қалып отыр.  Дәрігерлердің сөзінше, 28 маусымда 9 айлық Мудассир Каримовтың туыстары дәрігерлерге хабарласқан, осыдан кейін баланы бірден ауруханаға жатқызған. Дәрігерлер инелердің баланың денесінде кемі үш ай жүргенін айтады.  «3 шілдедегі операция кезінде 6 инені алып шықтық, дегенмен, бала ұзақ операцияны көтере алмайды. Сондықтан басы мен ішіндегі төрт ине әлі денесінде қалды», — дейді балалар хирургиясы бөлімінің басшысы Шухрат Чориев.  Дәрігерлер бала инені өзі жұтса, инелер оның ішек-асқазанында тұрып қалуы керектігін айтады.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/world_news/dargerler-9-aylyik-sabidn-denesnen-10-ine-tapkan-290143/

comments powered by HyperComments