Домой Новости «БЖЗҚ» өкілдері Qazkom клиенттеріне үндеу жасады

«БЖЗҚ» өкілдері Qazkom клиенттеріне үндеу жасады

«Казкоммерцбанк» АҚ ағымдағы/карталық шоттарына «БЖЗҚ» АҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушыларға жаңа банк шотын ашу үшін «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Бұл туралы қор өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға қосылу арқылы «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның ерікті қайта құрылуына байланысты «Қазкоммерцбанк» АҚ және «Қазақстан Халық банкі» АҚ банк шоттарын біріктіру жұмыстарының жүргізілгенін хабарлайды. «Қазкоммерцбанк» АҚ ағымдағы/карталық шоттарына «БЖЗҚ» АҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушыларға жаңа банк шотын ашу үшін «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Сонымен бірге «Казкоммерцбанк» АҚ-да ашылған карталық шоттар қолдану мерзімдері аяқталғанға дейін жарамды. Толық ақпаратты www.halykbank.kz сайтынан немесе тегін 88000800059 нөмірі арқылы ала аласыз», — деп түсіндірді «БЖЗҚ» өкілдері. Еске сала кетейік, мұның алдында 28 шілдеде Qazkom-ды Халық банкіне біріктіру процесі аяқталғаны хабарланған болатын.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/bjzk-oklder-Qazkom-klientterne-undeu-jasadyi-290834/

comments powered by HyperComments