Домой Новости Байғұс Байділдә: Абайдың ұлылығына күмән келтірген бизнесмен сынға қалды

Байғұс Байділдә: Абайдың ұлылығына күмән келтірген бизнесмен сынға қалды

анымал кәсіпкер Нұрлан Байділдә қазақ ақыны Абай Құнанбаевты мойындамайтынын айтып, ұлы деп есептемейтінін хабарлаған кезде қоғамда қызу талқыға түскен еді. Қазақтың бірнеше танымал тұлғалары осыған қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақын Қалқаман Сарин танымал кәсіпкердің әрекетін сынға алып, алты алаштың баласынан кешірім сұрау керектігін өзінің жеке парақшасында жазған болатын.

«Қазақстан Барысы» даму қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев та осыған қатысты өз ойын білдірді. Ол осындай дау туғызған блогердің сөздерін қатаң сынға алып, адам еместігін айтқан еді.

Журналист Берік Сұлтан да бұл оқиғадан айналып кете алмаған секілді. Ол өзінің Instagram-ындағы жазбасында Абайға тас атып жүргендердің мақсатын Міржақып Дулатов ашып айтқанын жазған болатын.

Белгілі журналист Махат Садық соңғы кезде қалың көпшіліктің назарын аудартқан Абай тақырыбын қозғап, ұлы ақынға қатысты бір даулы мәселенің мән-жайын ашып көрсетті. Оның сөзінше, сол кезде өзге ұлтқа Абайды насихаттау шаралары қарсылық науқанына ұрыныпты.

«Abai.kz» порталының қызметкері Шәріпхан Қайсар да кәсіпкердің жасаған мәлімдемесі Абай атын арқалап жүрген порталға, ұлт ақынына жасалған шабуыл деп біледі. Олар да өз ойларын білдіріп, үндемей қалмайтындарын айтты.

«Абайды күстаналағыш Нұрлан Байділда дәл осы дәргейде бүкіл Алашқа үн қата алды ма? Қазірдің өзінде қазақтың мың сан проблемасы бар. Соның біріне Абайша үн қатып па? Өз тілінде емес, өзге тілде көсіліп отырған ол нені бітіріпті? Бүгін ғана «Құл — қожайынның тілінде сөйлейді» деген мақала жариялап едік. Тым құрығанда құлдық қамыттан мойнын ажырата алмай отырып, Абайды сынағаны қалай?

Біздің кәсіпкеріміз Абайтанудың әліппесі саналатын осыны да білмегені ме? Мұншалық деңгейде сауатсыз бола тұра, бар қазаққа ақыл айту масқара емес пе? Заң мен зәкөн билеген заманда 74 бапты Ереже жазу — сол тұстағы қай батырдың, қай бидің тәлейіне жазылыпты.

Нұрлан Байділдә бауырымыз Құнанбайды әспеттеймін деп отырып, «Абай ауылды да басқармады» деп қалды. Сонда еліне ресми 18 жыл билік еткен Абайды қайда жібермек? Оның ойында Абай хәкім өзімен-өзі күңіреніп, өлең жазып жүрген қара шал болып елестейтін болғаны ма? Өмірден түйгені мен көргені көп адамның артында ғана сөз қалады. Соны да білмей ме, бұ пәтшағар!..Біздің айтпағымыз осы ғана…», — деді Шәріпхан Қайсар.

comments powered by HyperComments