Домой Новости БҚО-да аспаннан құлаған белгісіз заттың не екені анықталды

БҚО-да аспаннан құлаған белгісіз заттың не екені анықталды

Мамандар БҚО-да аспаннан құлаған белгісіз заттың не екенін анықтады. Ресейдің Капустин Яр сынақ алаңынан ұшырылған ракета кенет істен шығып, оның кейбір бөлігі қазақ жеріне түскен деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: azattyq.org

Фото: azattyq.org

«Біздің мамандар оқиға орнына жетіп, барлық лабороториялық, химиялық сараптамалар алды. Анық болғаны,құлаған заттан ауаға ешқандай радиация тарамаған. Зымыранның қандай бөлшегі екенін арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр», — дейді БҚО экология департаменті басшысының орынбасары Мұрат Ермекқаливев.

Фото: azattyq.org

Фото: azattyq.org

Айта кетейік, зымыран бөлшегі Қазталов ауданындағы иен далаға 4 шілде түнде түскен еді. Нысан құлаған жерінде жарылып, 95 гектар аумақты отқа ораған.

Қызыл жалынмен алысқан төтеншеліктер өртті 4 сағатта әрең ауыздықтапты. Ауыл сыртында болған оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Әбден шошып қалған тұрғындар тек байланыстың үзілгенін айтады.

comments powered by HyperComments