Домой Новости Қазақ қызымен жұдырықтасқан вьетнамдық боксшы жігіт жазаланды

Қазақ қызымен жұдырықтасқан вьетнамдық боксшы жігіт жазаланды

Бокстан өткен Азия чемпионатында қыз кейпінде жұдырықтасқан вьетнамдық боксшы жазаланды. Ол енді жарыстарға қатыса алмайтын болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: m.prosports.kz

Фото: m.prosports.kz

Мұндай шешімді Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (ХӘБФ) қабылдады.

Хабарланғандай, вьтнамдық жігіт До Хонг Нгок бокстан Будапештте өтетін әлемдік жастар чемпионаты мен Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасына енді қатыса алмайды.

Вьетнамдық тараптың бұл шешімге қарсы шығуларына болатын еді, бірақ олар ондай қадамға бармады.

Боксшыны не үшін ойыннан шеттеткені жайлы ештеңе айтылмаған. Бірақ осының алдында боксшының әйел кейпінде ресми жарыстарға қатысқаны жайлы белгілі болды.

Сәуір айында қазақстандық боксшы қыз Еркежан Дәулетжанқызы вьетнам спортшысынан жеңіліп, екінші орынға ие болған еді.

Қазақстан бокс федерациясы халықаралық ұйымға хат жазған болатын.

comments powered by HyperComments