Домой Новости Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болады

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болады

Қазгидромет 

синоптиктері 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстігінде және шығысының кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстігінде, орталығы мен шығысында тұман байқалып, күндіз солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің күшеюі 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Жамбыл, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

comments powered by HyperComments