Домой Новости Атақты емші «Сары әулие» Элизавета ханшайымның сый-құрметіне ие болған

Атақты емші «Сары әулие» Элизавета ханшайымның сый-құрметіне ие болған

Сонау 90-шы жылдары «Сары әулие» атымен танылған Марат Есенбаевтың емшілік қасиетіне біреулер имандай сенеді, ал енді біреулер күмәнмен қарайды. Стадионға мыңдаған адам жинап, сеанс жүргізіп, әйгілі емшіге айналған ол жақында халықаралық «Құрмет» орденімен марапатталды деп хабарлайды Zamana басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атақты емші "Сары әулие" Эливаета ханшайымның сый-құрметіне ие болған

Атақты емші «Сары әулие» Эливаета ханшайымның сый-құрметіне ие болған

Марат Есенбаевтың жаңалығын жариялаған газет тілшілері емшінің өзінен сұхбат алған.

«Менің кеудеме тағылған соңғы орден Франция елінен арнайы келді. Оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы кеңесшісі, генерал-майор, академик Әбен Нұрманов мырзаның өзі табыстады. Дәл осы марапатпен қатар теология ғылымдарының профессоры атағын алдым.

Жалпы, мен атақ-марапаттан кенде емеспін. Бұған дейін ағылшын патшайымы Элизавета ханымның сый-құрметіне ие болғанмынТүрлі халықаралық конференцияларда, дүниежүзілік конгрестерде де кеудеме ордендер тағылған.

Медаль, грамоталар да баршылық. Бірақ олардың ешбірін текшелеп жинап жүрген жоқпын. Өйткені менің еңбегіме ешқандай баға жетпейді. Мен өз ісімді Алланың ризашылығы үшін істеймін. Халыққа пайдам тисе, ең үлкен марапат – сол», — деген Есенбаев қазіргі өмірі туралы да айтып берді.

«Мен шет елдерде көп боламын. Елге келгенде де бір орында тұрақтамаймын, өңірлерді аралайтын кезім көп.

Себебі адамдар емге келіңіз деп шақырады. Алдын-ала жазылады. Ал былайша, өзім Алматыда тұрамын. Атырауда бір шаңырағым бар. Ол жаққа жылына екі-үш мәрте барып тұрамын.

Тұрмыс жағдайым жайлы сұрап отырсыз, айтайын. Осыдан 5-6 жыл бұрын Күләш есімді көмекшімнің ұлының басына іс түсті. Соған байланысты мен бүкіл дәулетімді сатып, ақшасын Күләштің ұлына ұстаттым. Осы себепті қазір баспанам жоқ.

Пәтер жалдап тұрамыз. Ешқандай кәсіп жоқ. Бары – осы», — деп ағынан жарылды емші.

comments powered by HyperComments