Домой Новости Астанада және бес облыста 43 градусқа дейін ыстық болады

Астанада және бес облыста 43 градусқа дейін ыстық болады

Еліміздің бірнеше өңірінде алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты Астана мен тағы бес облыста ескерту жарияланды. Күндіз 5-7 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде 40 градус өте қатты ыстық сақталады. Күндіз 6,7 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Күндіз 6,7 шілдеде Ақмола облысында 35-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Астанада күндіз 7 шілдеде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Сондай-ақ, 7 шілдеде Қызылорда облысында 42-43 градусқа дейін ыстық болатыны айтылады. Қостанай облысында 4-5 шілдеде желдің жылдамдығы сағатына 15-20 метрге дейін күшейіп, кейбір жерлерде жауын жауады.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/astanada-jane-bes-oblyista-43-graduska-deyn-yistyik-boladyi-290142/

comments powered by HyperComments