Домой Новости Аружан Саин атышулы Сарыағаш ауданында тағы бір баланың зорланғанын айтты

Аружан Саин атышулы Сарыағаш ауданында тағы бір баланың зорланғанын айтты

Атышулы Сарыағаш ауданының Абай ауылында тағы бір бала зорлықтың құрбаны болды. Бұл жайында Аружан Саин өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Аружан Саин осыдан біраз уақыт бұрын зорланғаны белгілі болып, арты қоғамдық өзекті мәселеге айналған Абай ауылындағы жеті жасар баланың ісіне қатысты сұраққа жауап берді.

«Бала қазір анасымен Алматы қаласында. Біздің топ олардың тамағы мен пәтеріне, оқуына көмек көрсетуде. Іс жабық түрде өтіп жатқандықтан, біз ондағы ақпараттарды біле алмаймыз.

Жақында Абай ауылында тағы бір баланың зорланғаны жайлы ақпарат келді. Біз істі тергеушілер мен күзет комиететіне тапсырдық. Бұл оқиғаның да соңы немен аяқталатыны, қандай шаралар атқарылып жатқаны белгісіз», — деді қоғам қайраткері Аружан Саин.

comments powered by HyperComments