Домой Новости Қарағанды облысында полиция қызметінің басшысы жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Қарағанды облысында полиция қызметінің басшысы жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Қарағанды облысындағы тасжолда облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы жол апатына түсті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қарағанды облысында полиция қызметінің басшысы жол апатына түсті

Суретті оқиға куәгерлері түсірді

Полиция полковнигі мен оның жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты 18 шілде күні шамамен кешкі сағат жетілерде Қарағанды мен Бұқар жырау ауданы аралығындағы тасжолда орын алған.

Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жалғасбай Жақаев жұмыс бабымен қызметтік көлікте кетіп бара жатқан.

Полковниктің көлігі жүк көлігіне соқтығысыпты. Қазіргі таңда жол апатына кінәлілер анықталуда. Дәрігерлер шендінің қазіргі жағдайы туралы ақпарат әзірлеуде.

comments powered by HyperComments