Домой Новости Арқалықта адасып кеткен Сәкен Майғазиев билік басындағыларға өкпесін жеткізді (видео)

Арқалықта адасып кеткен Сәкен Майғазиев билік басындағыларға өкпесін жеткізді (видео)

Арқалыққа іс-сапармен барған Сәкен Майғазиев билік басындағыларға өкпесін жеткізді. Әнші егістік алқабында үш сағат бойы адасып жүргенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Майғазиев. Фото: SN.kz

Майғазиев. Фото: SN.kz

«Үш сағат егіс алқабына кіріп, әбден адастық. Көлігіміз биік, жанармайымыз толық болып құдай сақтады. Біз тұрмақ нaвигатор шатасып кетіп еді. Телефон байланысы жоқ. Ғаламтор желілері істемейді. Айналма жолдарға жол белгілері қойылмаған. Жанармайы таусылып, көлігінің асты зақымданып, қанша көлік далада қалды десеңізші. Құрметті, жолға жауапты жандар! Жаратқанға жауап беретін күннің жақын екенін ұмытпайық«, — деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары елімізде түзу жолдардың саусақпен санарлық екенін жарыса жазды.

«Мұндай жолдарды алғаш көрдіңіз-ау. Бізде қанша жыл өтсе де, жолдар осындай», «Қисық-қисық жолдарға етіміз үйренген», «Жылда жөндеу жүргізеді. Бірақ жылда таз қалпына қайта түседі» деп оқырмандар да өз реніштерін жеткізді.

comments powered by HyperComments