Домой Новости Аптап ыстық: Еліміздің төрт облысында дабылды ескерту жарияланды

Аптап ыстық: Еліміздің төрт облысында дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК еліміздің төрт облысында аптап ыстық пен қатты желге байланысты дабылды ескерту жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Аптап ыстық: Еліміздің төрт облысында дабылды ескерту жарияландыАптап ыстық: Еліміздің төрт облысында дабылды ескерту жарияланды

12-13 шілде күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, шаңды дауыл тұрады.

12 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанып отыр.

12 шілде күні күндіз Атырау облысының кей жерлерінде 41 градус аптап ыстық болады.

12 шілде күні күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде 41°С қатты ыстық сақталады.

comments powered by HyperComments