Домой Новости Алматыда Lexus көлігі бес жасар бүлдіршінді қағып, үстінен басып өлтірген

Алматыда Lexus көлігі бес жасар бүлдіршінді қағып, үстінен басып өлтірген

Алматыда Lexus RX 330 көлігі тұрғын үйлердің бірінің ауласында бес жасар баланы қағып кеткен. Ауыр жарақатының салдарынан бүлдіршін сол мезетте көз жұмды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайғылы оқиға «Ақкент» шағынауданында орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан балақайды қағып кетіп, кейін басып өтіпті. Зардап шеккен бала оқиға орнында қаза тапқан.

Көлік иесі тоқтағысы келгенімен, сәбиді кеш байқап, үлгермей қалған көрінеді.

Айта кетерлігі, бұл бір күнде болған екінші қайғылы жағдай.

Біз бұған дейін Брянская көшесінің қиылысында бес жастағы баланы белгісіз көлік қағып, талдың түбіне тастап кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

comments powered by HyperComments