Домой Новости Алматыда 5 жастағы баланы қағып, оны ауыр халде тастап кеткен жүргізуші анықталды

Алматыда 5 жастағы баланы қағып, оны ауыр халде тастап кеткен жүргізуші анықталды

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойынан табылған 5 жастағы баланы қағып кеткен жүргізушінің кім екені анықталды деп хабарлайды Sputnik Казахстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

5 жастағы бала

5 жастағы бала

Құқық қорғау органдары берген ақпарат бойынша кінәлі жүргізуші жуық арада ұсталуы мүмкін. Полицейлер оның туыстары мен достарының үйінде жасырынып отыруы мүмкін екенін де жеткізді.

«Жуық арада оқиға себепкерін ұстауға барлық мүмкіндік бар», — делінген полиция хабарламасында.

Басылымның жазуынша, баланы қаққан болуы мүмкін жүргізушіні жол бойындағы бейнебақылау камераларының көмегімен анықтаған.

Еске салсақ, белгісіз көлік жүргізушісі 5 жастағы баланы жол бойында қағып кетіп, оқиға орнына тастап кеткен. Қазіргі таңда зардап шеккен баланың жағдайы ауыр деп бағалануда. Дәрігерлер оған 2 ота жасаған.

comments powered by HyperComments