Домой Новости Алматы әуежайына қонған ұшақ келеңсіз жағдайға тап болды

Алматы әуежайына қонған ұшақ келеңсіз жағдайға тап болды

Хургада-Алматы бағытында ұшатын әуе кемесі қонған сәтінде келеңсіз оқиғаға тап болды. Ұшақтың артқы жағы қону кезінде жерге тиіп кеткен деп жазады zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға 26 шілде күні орын алған. Екінші айналымға шыққан ұшақтың артқы жағы жерге тиген.

Әуе компаниясының айтуынша, ұшақтың қонуы сәтті аяқталып, оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл келеңсіз жайтқа қатысты терге жұмыстары басталды.

comments powered by HyperComments