Домой Новости Ақтөбелік кәсіпкер жағдайы жоқ жас отбасыларға арнап үй салып берді

Ақтөбелік кәсіпкер жағдайы жоқ жас отбасыларға арнап үй салып берді

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында жергілікті кәсіпкер ата-ана қамқорлығынсыз қалған жас отбасыларға арнап үй салып берді деп хабарлайды Aktobenews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбелік кәсіпкер жағдайы жоқ жас отбасыларға арнап үй салып берді

Ақтөбелік кәсіпкер жағдайы жоқ жас отбасыларға арнап үй салып берді

«Ырғызым – ырысты мекен» аудандық жерлестер форумында кәсіпкер Ибрагим Сәрсенбаевтың демеушілігімен «Қамқор» үйі ашылды.

Форумға еліміздің түрлі өңірінен Астана, Алматы қаларынан, Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарынан жерлестер және құрметті қонақтар, аудан ардагерлері мен кәсіпкерлері қатысты.

Облыс әкімі атынан 17 балаға Астана қаласына тегін жодама тапсырылып, округ әкімдері мен кәсіпкерлер арасында меморандумға қол қойылды.

Балалар үйінде тәрбиеленген және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жас отбасыларға арнап жеті пәтерлі «Қамқор» үйінің ашылды.

Демеушілік жасаған Ырғыз ауданының құрметті азаматы, «Наурыз –СИМ» ЖШС директоры Сәрсенбаев Ибрагим Махайұлы.

comments powered by HyperComments