Домой Новости 27 шілденің түнінде ай қанқызыл түске боялмақ

27 шілденің түнінде ай қанқызыл түске боялмақ

15 жылда айналып келетін қызықты табиға құбылыс 27 шілденің түнінде орын алмақ. Дәл сол түні Марс пен сақиналы Сатурнды жақыннан көру мүмкіндігі туындайды деп хабарлайды altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

28 шілдеге қараған түні Ай, Астана уақытымен 23.13-те батыстан шығысқа қарай орбитасымен жылжып келіп, Жердің көлеңкесіне кіреді. Жер Күннің бетін жауып, Айға түсетін сәуле бірнеше сағатқа өшеді. Яғни, Ай тұтылады. Қызығы сонда, бастапқыда Ай мүлдем көрінбей қалмай, алапат қою күлгін, қанқызыл түске боялып тұрады.

Ай жердің көлеңкесіне 1.30-да толығымен еніп болады. Айдың тұтылуы 4.19-да аяқталады.

«Cол түні Ай тұтылып қана қоймайды, Марстың ұлы қарсыласуы да болып өтпек. Бұл құбылыс екі жылда бір қайталанып отырады. Бірақ 15 жылда бір рет жерге өте жақын келеді. Соңғы ұлы қарсыласу 2003 жылы болған», – деді физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Виктор Тейфель.

Бұл жолы «Қызыл ғаламшар» Жерден небары 57,5 млн шақырым қашықтықта болады.

comments powered by HyperComments