Домой Новости Жақын күндері Түркістан Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болуы мүмкін

Жақын күндері Түркістан Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болуы мүмкін

Түбі бір түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан таяу мерзімде Оңтүстік Қазақстан облысының орталығына айналуы мүмкін. Бұл мәселе жергілікті билік өкілдері бас қосқан жиында көтерілді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: matritca.kz

Көрнекі фото: matritca.kz

Еске сала кетейік, Шымкент елдегі миллион тұрғыны бар үшінші қала атанды. Сондықтан оған республикалық қала деген статус та берілді. Енді аймақтың мәслихат депутаттарының қарауына облыс орталығын Түркістанға көшіру мәселесін қарау жүктелді.

«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ елі үшін ғана емес, иісі түркі әлеміне ортақ Түркістанға ерекше көңіл бөліп, әрқашан қолдау білдіріп келеді. Маңызды орталық ретінде қасиетті рухани астанамыз Түркістанның таңдалуын халық зор ықыласпен қабылдады. Мұны біз Түркістан, Кентау қалаларының шекараларына өзгерістер енгізу барысында тұрғындармен жүргізілген қоғамдық тыңдаулармен өздеріңізбен талқылау барысында айқын сезініп отырмыз», — дейді Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміЖансейіт Түймебаев.

Әзірге Шымкентте отырған облыстық мәслихат депутаттары Түркістанға көшуді бірауыздан мақұлдаған. Енді Елбасы қол қойса болды, қазақтың рухани астанасы саналатын Түркістан өңіріміздің орталығы болып шыға келмек.

Яғни бүкіл облыстық басқармалардағы мемлекеттік қызметкерлер үйреншікті орнынан 170 шақырым жердегі жаңа орынға көшуі керек болады.

comments powered by HyperComments