Домой Новости Қытайлық жігіт пен қазақ қызының тойына қауіп төнгенін ресми тұлғалар растады

Қытайлық жігіт пен қазақ қызының тойына қауіп төнгенін ресми тұлғалар растады

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы вице-министрі Мұрат Төлебаев 24 маусым күні қазақ қызы мен қытайлық азаматтың тойы бұзылғанын жеткізді деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Comments.UA

«Бүгін Қазақстанда төтенше жағдай орын алды. Үйлену тойы бұзылып кете жаздады. Бәріне себеп — жас жұбайлардың ұлты. Осыдан бірнеше күн бұрын қазақ қызы мен қытайлық азаматтың үйлен тойының шақыру билеті белгісіз себептермен әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын», — деді шенеунік.

Төлебаевтың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстандағы синофобия күшейіп, қытайлықтарды жеккөрушілік қасиет артып келеді. Көптеген қазақстандықтардың ойынша, Қытай азаматтары заңсыз жолмен болса да Қазақстанға келуді армандайды екен. Егер Қытай азаматтары қазақ қыздарын әйелдікке алса, онда олар Қазақстанға көшіп келу бойынша арам ойларын іске асырмақшы.

Әрине, осындай қауіптенулердің кесірінен барша халықтың назарын аудартқан тойға ел шүйлікті. Ер адамдардың бір тобы әлеуметтік желі мен мессенджерлердің арқасында бірігіп, некелесуге кедергі жасамақ болады. Олардың ішінде он шақтысы тойға да келуге шешім қабылдаған.

Дау-дамайға ілікпес үшін некелесу рәсімі болатын мейрамхана тойды өткізуден бас тартып, қытайлық азаматқа ақшасын қайтарып берген. Осындай қарсылықтарға қарамастан, жастар күйеубаланың әкесі жұмыс істейтін компания қоймасында үйленген.

Антиқытайлық көңіл-күй немесе Синофобия — жеккөрушілік, жақтыртпау, Қытайға деген теріс көзқарас. Синофобия Қытаймен шекаралас елдерде, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кең тараған.

Еске салайық, осыған дейін министр Абаев «синофобия» жайлы ой қозғаған болатын.

comments powered by HyperComments