Домой Новости Теңге тағы да құлдырай бастады

Теңге тағы да құлдырай бастады

18 маусым күні Қазақстан қор биржасынында бір доллардың орташа бағамы 338 теңге 78 тиынды құрады. Сарапшылар бұл өзгерістің басы ғана екенін ескертуде 

Теңге. Көрнекі фото: Kapital.kz

Теңге. Көрнекі фото: Kapital.kz

Теңгеміздің тегеуріні қайта құлдырай бастағаны халықты алаңдатып отыр. Алайда, Ұлттық банктегілер әлеуметтік желіде «теңге құнсызданады» деген қауесетке сенбеуге шақырды.

Теңге бағамы мұнайға тәуелді. Қара алтынның қазір бір баррелі 72 доллардан асқан. Банкирлердің айтуынша, демалыс маусымы кезінде шетел валютасына деген сұраныстың артуы теңге бағамын әлсіретуде.

Сондай-ақ, америкалық биліктің пайыздық мөлшерлемені өсіруі теңгенің тұрақсыздығына әкеп соққан. Соған қарамастан, желдей ескен ақпарат шындыққа айналуы әбден мүмкін.

Экономистер жыл соңына дейін доллар 350 теңгеден асып жығылады дейді. АҚШ ақшасының шарықтауына тек интервенция ғана тосқауыл бола алады. Дегенмен, бұл экономикамызға кері әсер етеді дейді сарапшылар.

«Алтын қордағы ақшасын жұмсайды. Ол дегеніміз біздің мемелекет қорындағы қаражат жұмсалып жатыр деген сөз. Бұл жақсы емес. Егер бұлай жалғаса беретін болса, біздің ұлттық қорда қаражат қалмайды деген сөз. Оның салдары көп», — дейді «Pro Gente» экономикалық зерттеу ортылығының жетекшісі Мақсат Халық.

Мәселен, кеше төл ақшамыз бірден екі жарым теңгеге әлсіреді. Өткен жұманың аяғында теңге бағамы 335 теңге 94 тиынға тұрақтаған еді. Қазіргі уақытта ақша айырбастау орталықтарында бір доллар орташа 340 теңгеден сатылып жатыр.

Осыған дейін Ұлттық валютамыздың бірнеше рет күрт құнсызданып кетуі көпшілік үшін күтпеген жаңалық болған еді.Сондықтан, «доллар қымбаттады» десе, жұрттың дүрлігуі де заңды шығар.

comments powered by HyperComments