Домой Новости Тарихи сәт: Дональд Трамп пен Ким Чен Ын алғаш рет кездесті (фото,...

Тарихи сәт: Дональд Трамп пен Ким Чен Ын алғаш рет кездесті (фото, видео)

Сингапурде 12 маусым күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 9-да АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының кездесуі басталды. Кездесу басталар алдында Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қол алысып амандасты деп хабарлайдыАзаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын

Басылымының хабарлауынша, Дональд Трамп пен Ким Чен Ын екі аудармашымен ғана қалып, жеке кездескен. Әдетте мұндай кездесулерде АҚШ президентінің кем дегенде бір жақын көмекшісі жанында болатын.

Екі ел басшыларының алғашқы кездесуі 35 минутқа созылды. Сосын жұмыс барысындағы асқа оларға екі ел делегациясының өкілдері қосылды.

АҚШ делегациясы құрамында мемлекеттік хатшы Майк Помпео, президент әкімшілігінің басшысы Джон Келли, президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Джон Болтон және АҚШ-тың Филиппиндегі елшісі Сун Ким бар.

CNN-нің мәліметніше, кездесу қорытындысында «Өзара түсіністік жөніндегі мәлімдеме» қабылдануы мүмкін. Мәлімдеме мазмұны АҚШ пен Солтүстік Корея өкілдерінің алдын ала келіссөзі кезінде талқыланған.

Айта кетейік, кездесу Сингапурдың Сентос аралындағы шипажайда өтіп жатыр.

comments powered by HyperComments