Домой Новости Түркістан облысының орталығына жаңа әкім келді

Түркістан облысының орталығына жаңа әкім келді

Бүгін Түркістан облысының орталығына облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен ҚР Президенті әкімшілігі және қалалық мәслихат келісім бере отыра шаһарға жаңа әкім келді. Лауазымды қызметке Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Облыс әкімі қала тұрғындарын Түркістан қаласының облыс орталығы болып бекітілуімен құттықтап, шаһар басшысын таныстырды.

Өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы осынау тарихи кезеңде Түркістан қаласының әкіміне артылатын жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін жеткізді.

«Түркістанға «тек қазақ елінің ғана емес, бүкіл түркі жұртының зиярат жасайтын қастерлі орны» деп баға берген Елбасы оның рухани өмірінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің үлкен орны бар екенін, тарихы терең Түркістанның туризм үшін де маңыздылығы ерекше екендігін және қаланың тоғыз жолдың торабында орналасуы сыртқы және ішкі туристер мен жергілікті тұрғындар үшін қолайлы екендігін баса айтты, демек осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажет», — деді облыс әкімі.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Сондай-ақ, қала әкіміне Түркістан қаласының бас жоспарын тездетіп әзірлеуді, тұрғындар мен туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қаланың инфрақұрылымын дамытуды тапсырды.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

comments powered by HyperComments