Домой Новости Степногорскіде аса қауіпті қылмыскерді ұстау сәтінің видеосы пайда болды (фото, видео)

Степногорскіде аса қауіпті қылмыскерді ұстау сәтінің видеосы пайда болды (фото, видео)

Степногорск қаласында аса қауіпті қылмыскерді ұстау сәтінің видеосы пайда болды. Желі қолданушылары аталған бейне жазбаны Вконтакте желісіндегі «Воспитан в Степногорске» тобына жолдауда деп хабарлайды NUR.KZ.

Степногорскте қауіпті қызметкерді ұстау

Коллаж: NUR.KZ

Ролик авторының айтуынша, қылмыскер кепілге бір адамды ұстап отырған.

«Ол қарт кісі. Шамамен сексенге келген қарт адам», — дейді болған жайттың куәгері.

Степногорскте қауіпті қызметкерді ұстау

Кадр видеодан алынды

Сонымен бірге ол қылмыскердің қолында пышақ болғанын да айтты. Видеоның астына жазылған пікірлерге назар салсақ, оны қаладағы 9 шағын ауданнан тапқан. Қашқын гараждар арасында тығылып жүрген көрінеді.

Еске салсақ, Ақмола облысындағы түрмеден қашып шыққан Қасенов кеше кешке ұсталған.

comments powered by HyperComments