Домой Новости Соңғы қоңырауда жас түлекті алып қашып кеткендер елдің ашуына тиді (видео)

Соңғы қоңырауда жас түлекті алып қашып кеткендер елдің ашуына тиді (видео)

Соңғы қоңыраудан соң мектеп формасын да шешкізбей жас түлекті алып қашқан қазақстандықтар елдің ашуын келтірді. Әлеуметтік желіде таралып кеткен видеода шамамен 17-18 жастағы бойжеткенді екі жағынан жетелеп, табалдырықтан оң аяғымен аттатқызуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: скриншот

Фото: скриншот

Instagram желісінде тарап кеткен видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз.

«Масқара», «Жас қыз ойламаса да, айналасындағы үлкендер ойланбайды ма?», «Жастықтың буымен табалдырық аттап алып, кейін өкініп отырасың ғой», «Жап-жас қызға обал болды ғой», «Мектеп формасын да шешпестен күйеуге асыққаны несі?», «Байдан өлдің бе? 20 жаста шықсаң да, үлгеретін едің ғой», «Әлі бала ғой», «Үлкендер бір ауыз ескерту айтса қайтеді?», — деп жарыса жазды желі қолданушылары.

comments powered by HyperComments