Домой Новости Сирия басшысы Ким Чен Ынмен кездескісі келетінін мәлімдеді

Сирия басшысы Ким Чен Ынмен кездескісі келетінін мәлімдеді

Сирия президенті Башар Асад КХДР-ға барып, осы елдің басшысы Ким Чен Ынмен кездескісі келетінін мәлімдеді, — деп жазады солтүстіккореялық «Нодон синмун» газеті. Басылымның мәліметінше, Башар Асад бұл туралы 30 мамырда Сириядағы КХРД жаңа елшісіне сенім грамотасын тапсыру кезінде айтқан. Сондай-ақ, Сирия басшысы Солтүстік Кореяның саясатын қолдауға ниетті екенін және Кореядағы түбекке қатысты өзгерістерге тоқталып өтті. Айта кетейік, осы жылдың басында Пхеньян мен Сеульдің қарым-қатынасы жақсарған болатын: солтүстіккореялық спортшылар Пхенчанда өткен Олимпиада ойындарына қатысты. Кейінірек Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті жоғары деңгейде кездесу өткізген болатын.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/world_news/siriya-basshyisyi-kim-chen-yinmen-kezdesks-keletnn-malmded-289465/

comments powered by HyperComments