Домой Новости Шымкентте менингит жұқтырды деген күдікпен емханаға түскен 18 жастағы жігіт көз жұмды

Шымкентте менингит жұқтырды деген күдікпен емханаға түскен 18 жастағы жігіт көз жұмды

Шымкентте 11 сыныпта оқитын ер бала менингит дертін жұқтырды деген күдікпен емханаға түсіп, артынша көз жұмды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Емхана. Көрнекі фото: vsezavisimosti.ru

Емхана. Көрнекі фото: vsezavisimosti.ru

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп лицейінің 11 сынып оқушысы 15 маусымда қалалық жұқпалы аурулар емханасына жоғары дене қызуымен түскен.

Шымкент қалалық білім бөлімінің берген мəліметіне сəйкес, биыл мектеп бітіргелі жатқан жас түлек 3 шілде күні 18 жасқа толар еді.

«Шымкент қаласы Тассай 191 орам тұрғыны, 03.07.2000 жылы туған С есімді бала 15 маусымда қалалық жұқпалы аурулар емханасында менингит күдігімен мезгілсіз қайтыс болғанын мəлімдейді«, — делінген хабарламада.

ОҚО денсаулық басқармасы бұл факті туралы ресми ақпарат берген жоқ. Арнайы брифингте ақпарат беріледі деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

comments powered by HyperComments