Домой Новости Қоқысқа толы ауылды көрген Сәпиев жағасын ұстады

Қоқысқа толы ауылды көрген Сәпиев жағасын ұстады

 

Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев Ақмола облысының әкімшілігін Қоянды ауылын қоқыстан тазартуға шақырды деп хабарлайдыbnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Оқиға орнында түсірілген видеоны ол өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған. Онда ауылдың бас көшесінің бойы толған қоқыс екені бірден аңғарылады.

Депутаттың айтуынша, елордадан 50 шақырым жердегі ауылда үш мыңнан астам адам тұрады.

Сәпиев Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалинге мәселені шешу жөнінде тікелей өтініш білдірген.

comments powered by HyperComments