Домой Новости Нұргүл Ертаева және Алма-ТВ директорлар кеңесінің басшысы сырттай екі айға қамауға алынды

Нұргүл Ертаева және Алма-ТВ директорлар кеңесінің басшысы сырттай екі айға қамауға алынды

Bank RBK-нің бұрынғы тәуелсіз диреткоры Нұргүл Ертаева мен Алма-ТВ директорлар кеңесінің басшысы Александр Пархоменко сырттай екі айға қамалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматының қалалық сотына сілтеме жасап.  Бұлтартпау шарасына Медеу аданының № 2 соты санкция берді. Ертаева мен Пархоменко аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді (ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-тарауы, 2-тармағы). «Алматының Медеу ауданының № 2 сотының тергеуші судьясы күдікті Нұргүл Ертаеваның жоқ кезінде оны екі айға қамау туралы шешім шығарды, Александр Пархоменкоға да қатысты солай», — дейді сот баспасөз қызметінің өкілдері.  Еске салайық, Қазақстан ІІМ-нің Интерполдық Ұлттық орталық бюросының сұранысымен Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталған болатын. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін халықаралық іздеуде болған. Қазіргі кезде Ертаев үй қамағында.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nurgul-ertaeva-jane-alma-tv-direktorlar-kenesnn-basshyisyi-289887/

comments powered by HyperComments